Дөңгелек үстел тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз!»


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!


АДАЛ ӨМІР СҮР


АДАЛ БОЛ



 "Сыбайлас- жемқорлық".

Оқушыларымызға сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, оның пайда болу себептері жайлы түсінік қалыптастыра отырып, өз мемлекетіне адал болуға тәрбиелеу мақсатында Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер деген тақырыпта ақпараттық адалдық сағаты өткізілді.

Тәрбиеші: Нургул Калижанова @nurgul_kalizhanova

{gallery}414{/gallery}

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» атты экспресс сауалнаманың қорытындысы

Мақсаты: Құрама бөлім: әйелдер күресі, қыздар футболы, конькимен жүгіру, баскетбол арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Мерзімі: 05.11.2023ж Сауалнама жүргізген: М. Джанпеисова  Қатысқандар: 18 оқушы

Сауалнаманың нәтижесі:

Тәрбиеші сөзі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» атты экспресс сауалнаманың қорытындысы

Сіз сыбайлас жемқорлық деп нені түсінесіз? Оқушылардан сауалнама алынып, ойлары тыңдалды.

Қорытынды: Құрама бөлім: әйелдер күресі, қыздар футболы, коньки, баскетбол арасында  алынған сауалнаманың нәтижесі бойынша біздің мектепте,  жаттығу залдарында, басқа да жүрген жерлерінде оқушылардың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқан деуге болады және ондай жағдайлар кездеспеген.

Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстарды жанд                                             

{gallery}111116{/gallery}


"Сыбайлас жемқорлық - қоғамның қылтамағы."
Оқушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру мен оларды өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, сонымен қатар өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мен патриоттық тәрбие  беру мақсатында сайыс сағаты өтті.
Сабақ барысында балалар тақырыпқа сай пазлы құрап, мақалдарды жалғастырып, жемқорлықты тудыратын жағдаяттарды талқылады.

Тәрбиеші; Жанерке Утебаева

#жемқорлыққажолжоқ🙅‍♂️🙅‍♀️
#неткоррупции💵❌🇰🇿
https://www.instagram.com/p/CxiQgxbt01_/?igshid=NmQ4MjZlMjE5YQ==


 

Тақырыбы:  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресеміз! Жол бермейміз!»

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресеміз! Жол бермейміз!» тақырыбында ағымдағы жылдың 04 қыркүйегінде  тәрбие бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық жиын өтті.

     Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына кедергі келтіретін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізігі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуге керек. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуінежәне орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлық- заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің дас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әдідікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керк. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті

қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауір төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге  келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз

           Қазақстанда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы қарастырылған. Оның ережелері Үкіметтің №1131 қаулысында жазылған.

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы, ұсынылған жеңілдіктердің, көрсетілген қызметтердің құны 1 мың АЕК-тен (2023 жылы 1 АЕК – 3 450 теңге) аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (103 500 теңге);

онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (138 000 теңге);

ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (172 500 теңге);

ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (241 500 теңге);

аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (345 000 теңге).

Сондықтан да, ұстаздар қауымы - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресеміз! Жол бермейміз!»

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                            А. Калиева

{gallery}7{/gallery}