Ағымдағы жылдың 26 наурызында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің  республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбие бөлімінде  «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Дөңгелек үстелге қатысушылар:

Тәрбие бөлімінің педагогикалық құрамы – 10 адам.

Мектеп психологы Кармысова Г.С.

Мақсаты:

         1. Қызметкерлердің назарын «сыбайлас жемқорлықтың» қоғамдық қауіпті құбылысына аудару.

         2. «Сыбайлас жемқорлық» ұғымын және оның түрлерін қалыптастыру, оның дамуына ықпал ететін себептерді және теріс салдарын анықтау, әлемдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесі туралы түсінік беру. Сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарына қарсы күрестің тиімді әдістерінің ұсыныстарын ортаға салу.

         3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әртүрлі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік бойынша белсенді азаматтық ұстаным.

Дөңгелек үстел отырысында талқыланған мәселелер:

1. «Сыбайлас жемқорлық» ұғымы.

2. Сыбайлас жемқорлық түрлері.

3. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері.

4. Әлемдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тәжірибесі.

5. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі ұсыныстар.

         Жемқорлықты жою - жетілген азаматтық қоғамды, еркін, жауапты және  адамдар қоғамын қалыптастыру.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда белсенді азаматтық ұстаным ұстансақ, біз бірге жасай аламыз.