Медициналық  бөлімде  үнемі  алдын алу жұмыстары жүргізіліп  отырады.  Қазан  айында Ұлттық күнтізбе бойынша   АДСМ вакцинациялау, Манту сынамасы  жоспарлы  турде жасалды.  Сонымен қатар  мерзімдік   сүзек  ауруының   алдын алу мақсатында оқушылар мен қызметкерлерге  «Гриппол  » вакцинасы жасалды .    Қараша айында  №5   қалалық  емханасынан  флюрографиялық  автомашина шақырылып ,   жасы 15-тен  жоғары спортшылар  тексерістен өтті.  Қараша айының   18 және  21-нде  2006,2007,2008жылғы жасөспірімдер   әскерге шақырылуалды  медициналық   қараудан өтті.  Жас спортшылар арасында  санитарлық-ағартушылық жұмыстар      жоспар бойынша   жеке гигиена,    тағамның    пайдасы мен зияны  , тері аурулары,  инфекциялық аурулар   жөніндегі тақырыптар бойынша жатақхана және мектеп акт  залдарында өткізіліп отырады.