В эти дни в Республике проходят IV зимние молодежные игры. В комплексных спортивно-массовых мероприятиях участвуют и спортсмены РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова в трех видах спорта: фигурному катанию, шорт-треку и конькобежному спорту.
В Астане, в ледовом дворце спорта "Алау" прошли состязания по фигурному катанию на коньках. Учащиеся школы-интернат-колледжа показали великолепный спортивный результат.
Так, среди девушек, в категории кмс чемпионкой игр стала Зере Сарбалина!
В категории мастера спорта не было равных Анне Левковец (золотая медаль)!

Сарбалина Зере - ученица школы-интернат-колледжа им. Х. Мунайтпасова, в разряде кандидатов в мастера спорта, завоевала первое место на проходящих Молодежных играх по фигурному катанию на коньках.
Напомним, что в Астане, в ледовом дворце спорта "Алау", с 8 по 10 марта 2023 года, проходят соревнования по фигурному катанию в программе Молодежных игр Республики Казахстан.

Талдықорған қаласында күрес түрлерерінен жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан чемпионаты жалғасуда.
Еркін күрес бағдарламасы бойынша (U-15) Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары келесі нәтижелерге қол жеткізді: 44 кг - Сейтахмет Имангали - 3 орын, Үмітбек Мұрат +85 кг - 2 орын, Мурзабеков Мансур +85 кг-3 орын.
Жүлделі орындары құтты болсын!
Ертең мектеп балаларымыз басқа да салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді.

WhatsApp Image 2023 03 10 at 00.01.36

Семей қаласында жудо (judo) күресінен жастар арасында (2003-2005 ж.т.) өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің студенті Толқын Тұрсынақынова күміс медальға қол жеткізді!Құтты болсын 🇰🇿🇰🇿✊

WhatsApp Image 2023 03 09 at 18.17.41 1

Талдықорган каласында күрес түрлерінен жастар арасында (U-20) өтіп жатқан ҚР чемпионатында, еркін күрес (әйелдер) бағдарламасында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің студенті Дина Кузнецова (55 кг) қола медальге ие болды!

Қайырлы кеш Құрметті оқырмандар! Дәл қазір алты күнге созылған байқау өз мәресіне жетті. Астана уақыты бойынша сағат 23:00 соңғы лайк, коментарий, сторис бөліміндегі дауыс беру барлығы фиксирование жасалынды. Құрметті оқырман шешім шығару оңайға соқпады, ақтық мәреге өткен екі қатысушымызда жан-жақты өнерлі арулар, екі қызымыз да Қажымұқан аруы деген мәртебеге ие. Алайда, байқау болғандықтан, өзіндік шарттары болады. Байқау шешімі, байқау шартында көрсетілген үш кезеңнің қорытындысы бойынша шықты. Тек байқаудағы белсенділік емес, осы уақытқа дейінгі мектеп қабырғасындағы атқарған белсенділіктері де ескерілді. Құрметті оқырман байқаудың үш кезеңі бойынша көрсетілген белсенділік балдық шкаласымен есептелінген де бокс бөлімінің аруы Алханова Жанельдің қоржынына түсті. Яғни "Қажымұқан-2023 аруы" номинациясының иегері Алханова Жанель!!!😍👏🎉Шын жүректен құттықтаймыз!!! Ал Таукенова Аида көпшіліктің көзайымына айналып үлгерді😍 сол үшін де "Көпшілік көзайымы" деген марапатқа бөленді. Құрметті арулар марапаттарыңыз құтты болсын!!!
https://www.instagram.com/p/CpdI4TVB5_z/?igshid=MDJmNzVkMjY=

333973304 1346569672805592 997865921296507139 n


Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.

Туған күнді көпшілігіміз асыға күтеміз. Сыйлық алу, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады. Қалай болғанда да, жылдың 365 күнінің бір күнін ерекше қарсы алып, өзіңе назар аударып, жалғыз емес екеніңді сезіну артық етпесі анық. Осы орайда біздің мектеп-интернатымызда дәстүрлі түрде туған күн иелерін құттықтау кеші өтеді. Бұл кеште балаларға арналған концерттік бағдарламалар және арнайы сыйлықтар, тәттіге толы дастархан жайылады. Барлығыда біздің мектеп-интернатымыздың қолайлы атмосферасын қалыптастыру мақсатында және балаларымыздың қуанышты күндерінде бірге болу үшін ұйымдастырылады. Барша туған күн иелерін шын жүректен құттықтаймыз!


Талдықорган каласында күрес түрлерінен жастар арасында (U-20) өтіп жатқан ҚР чемпионатында, грек-рим күресі бағдарламасында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары Айбек Айтбеков (55 кг) чемпион атанса, оның әріптесі Айбат Рақым күміс медальга ие болды!

 
Щучинск қаласында (Ақмола облысы) жастар мен жасөспірімдер арасында биатлоннан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа әлемнің 38 елінен 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Швеция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Норвегия, Австрия, Жапония, Ұлыбритания және басқалары бар.
Турнирге қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сәттілік тіледі.

Бүгін қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, ақын атындағы 74 мектеп гимназиясында, "Мәңгілік сәулесінің айналасына" атты поэзия кеші өтті. Бұл кездесуге Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері белсене ат салысты. Бірлескен кеште, біздің оқушылар ақиық ақынның өлең жолдарынан бірнеше жыр шумақтарын оқып, мектеп ұжымына тарту етті. Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан екен. Бұдан кейін 1964-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді.

         2023 жылғы 02 наурызда  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының   кәмілетке толмаған істері жөніндегі инспектор, полиция майоры -   Алмағамбетова Алмагүл Жансириковна  және  полиция лейтенанты Кульмагамбетов Руслан Кабиевич шақырылды. Олар оқушылармен  құқық сағаты «Жасөспірім және заң» тақырыбы бойынша профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгіме барысында балаларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.