Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернат-колледжіне тиесілі «Олимпиец» атты денсаулықты нығайту және сауықтыру орталығында, жазғы демалыс маусымының екінші кезеңі өз есігін ашты.

Еліміздің бас қаласынан 400 шақырым жерде орналасқан «Көкшетау табиғи паркіне» қарасты Айыртау көлінің жағасы, жыл сайын, жаздың үш айында, демалыс ордасына айналады.

Салтанатты ашылуы өте көркемдік деңгейде өтіп, барша жиналған балалардың көңілінен шықты. Концерттік бағдарлама, от шашу, ойындар, көрсетілімдер, «костер» жағу, өңер бөлісу... бәрі де осы кеште қызықты және думанды түрде ұйымдастырылып, қызықты өтті.

Ашылу рәсімі «Астана күніне» (6 шілде) сәйкес болып екі есе мерекелік тойға ұласты.

Тәрбиешілер тобы өздері әнші-бишіге айналса, демалушы балалар сегіз қырлы-бір сырлы жігіт-қыздарға айналып шыға келді.

Бұл мерекелік кешке мекеме директоры Сапашев Мәлік Әбуханұлы өзі Ел Ордадан арнайы ат терлетіп келіп, жиналған балаларға және жасөспірімдерге жылы ілтипатын білдірді.

Екінші жазғы маусым сәтті өтсін жас жеткеншектер мен демалушыларға!

{gallery}000/news/2022/07/08{/gallery}