БІЗДІҢ КОНЬКИШІЛЕРІМІЗ ӘЛЕМДІ ТАҢҒАЛДЫРУДА!

Жуырда, конькимен жүгіру спорт түрінен жастар арасындағы Әлем Кубогінің кезекті кезеңдері өттті.

Жуырда, конькимен жүгіру спорт түрінен жастар арасындағы Әлем Кубогінің кезекті кезеңдері өттті.

Бірінші-екінші кезеңі Германияның Инцелль қаласында ұйымдастырылып, біздің жастар арасындағы Қазақстан құрама командасына сәтті болды.

Осы байрақты бәсекеге Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің жас оқушы-спортшылары қатысып, жүлдеге ие болды! 11 сынып оқушысы Алина Дауранова мен колледж студенті Ақжол Нұралы Әлем жарысында сенсацияларды жасауда.

1-2 кезең Инцелль қаласында өтіп қызықты оқиғаларға толы болды: Алина Дауранова 1.000 м қашықтықта күміс медаль иегері атанды!!! Одан кейін, 500 м.жарыста қола медальге қол жеткізді!

Ақжол Нұралы болса тіпті 15 жыл болған Қазақстан рекордың бұзды! 1.500 метр жарысында ол 1:48:13 уақытымен Александр Жигинның рекордың жаңартты!!! Ал осы жарыста 4 орынға табан тіреді!

Рекорд 3,000 метрде де жаңарды. Оның авторы тағы да Ақжол! 3:51:58 - Еліміздің жаңа рекорды!

Керемет нәтиже! Бұл аталған Әлем Кубогінің екінші кезеңінің нәтижесі.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттық-оқу ордасының ұжымы балаларға сәттілік тілеп, конькимен жүгіру бөлімінің жаттықтырушылары Кенжеш Сарсекенова мен Жанна Құрманғалиеваны шын жүректен құттықтайды! Бәрекелді!

Ақпарат ретінде: Акжол Нұралы. Түркістан облысында 16.09.2003 жылы туылған. 2013 жылы конькимен жүгіру спортымен айналыса бастады.

Жаттықтырушылары Сарсекенова К.С, Курмангалиева Ж.Ф. 2015 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжге конькимен жүгіру бөліміне қабылданады. 2018 жылы СШ орындады. Бірнеше мәрте ҚРЧ жеңімпазы. 2019 жылы ұлттық құрама команданың мүшесінің резервіне қабылданды. Биыл ХДСШ орындады.

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://kazhimukansportmektebi.kz/ru/novosti/868-bizdi-konkishilerimiz-lemdi-ta-aldyruda#sigProIda34057995a