Құрметті ұстаздар!

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінің және өз атымнан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – МҰҒАЛІМДЕР КҮНІМЕН құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Жылдың тамаша мерекесі - Мұғалімдер күні қарсаңында балаларымыздың сүйікті және ардақты ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз.

Біздің спортшы-балаларымыз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қызықты да және терең білім алып, тылсым дүниемен танысып жүр. Ұстаздарымыз оқушыларымызға білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершілікке баулап, табандылықпен еңбек етіп, алдарына биік мақсаттар қоюду үйретуде.

"Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.

Құрметті Ұстаздар! Бүгін Сіздердің төл-мерекелеріңіз! Сіздерге денсаулық, бақ-береке, ырзық тілейміз. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

Ізгі ниетпен, мекеме директоры Мәлік Сапашев