Қажымұқан спорт мектебі өз ардагерлерін құттықтады

1 қазан-халықаралық қарттар күні қарсанында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің басшылары мен оқушылары осы мекеменің ардагер ұстаздарының үйлеріне барып арнайы құттықтап шықты!

Мекеме директорының орынбасарлары бастаған топ бір неше ардагер жаттықтырушыларды, мұғалімдерді, жұмыскерлерді аралап, мектеп атынан сыйлықтарды тапсырды. Осындай қадірлі азаматтарға, еңбек ардагерлеріне мектеп ұжымы үнемі назар аударуда. Мараппатау рәсіміне мектеп-интернат балалары да белсенді қатысып тәрбиеге игі істің басында болды!