«Дін және жастар» тақырыбындағы кездесу

2021 жылдың 27 қыркүйегінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде мәжіліс залында оқушы-спортшылардың  дінтанулық  сауаттылығын  арттыру негізінде,  еліміздегі зайырлық  құндылықтарын насихаттау мақсатында,  арнайы, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын  Нұр – Сұлтан қаласы «Дін проблемаларын зерттеу орталығынының» мамандарымен бірлесе  «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге, Советов Темірлан Жанатұлы – ақпараттық түсіндіру мүшесі, діндерді зерттеу маманы  және  колледж студенттері мен қызметкерлері қатысты.
Осы іс-шараға қатысқан маман өз саласы бойынша, студенттерге интернет желісіндегі ел тұтастығын бұзатын деструктивті ағымдардың әсері, олардың спортшы  жастарға негативті әсері тигізетін теріс діни ағымдар жөнінде және Дін проблемаларын зерттеу орталығының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.
Отырыс барысында оқушылар көптеген пайдалы ақпараттармен танысып, қызықтырған сұрақтарына кәсіби жауап алды. Ақпараттық іс -шараның қорытындысын мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А. Қ. Қалиева жасады. Ол Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет, азаматтардың дінге деген көзқарастарына  қарамастан теңдігі туралы айтып, келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Оған қоса, мұнымен тоқталмай, әрі қарай бірлесіп дөңгелек үстелдер, семинарлар, диспуттар өткізуді ұсынды.