Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты аяқталды.

2021 жылдың 27-30 наурыз аралығында Щучинск қаласында грек-рим күресінен 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
=
Аталған Чемпионат еліміздегі болып жатқан короновирус инфекциясының таралмауын және алдын алу мақсатында көрермендерсіз, UWW бекіткен ережеге сай өткізілді. Жарысқа 14 облыс және 3 Республикалық маңызы бар - Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан құрама командалары қатысты.
=
Жарыс қорытындысы бойынша Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшылары сәтті өнер көрсетіп, нәтижесінде 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленді.
Атап айтсақ:
⚡Айтбеков Айбек (51кг) - 1 орын;
⚡Бурибай Көбен (55 кг) - 1 орын;
⚡Сабаз Бағдат (60 кг) - 1 орын;
⚡Алданиязов Мақсат (55 кг) -2 орын;
⚡Жаңажол Жәнібек (48 кг) - 3 орын;
⚡Қуаныш Бағлан (80 кг) - 3 орын;
⚡Жиенгазин Ерасыл (92 кг) - 3 орын.
Жеңіске жеткен спортшыларымызды және грек-рим күресі бөлімінің жаттықтырушылар құрамын шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!