Қызылорда қаласында 25-27 наурыз аралығында 2009-2010 ж.т. спортшылар арасында дзюдодан "Абай-Дәулет" жүлдесіне арналған Республикалық турнир өтті.
Бұл байрақты бәсекеде Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің
оқушылары Әсемхан Мансур мен Абдулла Бекболат чемпион атанып, турнир жеңімпазы атағына ие болды!
Ал, мектептің тағы да екі шәкірті: Әділхан Дарын мен Рауан Газизов күміс медальға қол жеткізіп тұғыр сатысының екінші орындарына жайғасты.
Аталған жарысқа Еліміздің барылық аймақтарынан 650 жуық спортшы (!) қатысып жүлде қорын сарапқа салды.
Айта кететін жайт, жалпы командалық есепте "Қажымұқан" спортшылары бірінші орынды айқын басымдылықпен иеленді! Құтты болсын!