27 наурыз -  театр  күні  қарсаңында   Қажымұқан мектебінің  грек-рим  бөлімінің оқушылары «Астана Опера»  театрында «Дала үні» ұлттық балетінің әлемдік премьерасын тамашалады. «Дала үні» қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерін ғана баяндап қоймай, жалпы адами құндылықтар туралы да сыр шертеді. Өмірдің мәнін түсінуге мүмкіндік беріп, арманның жүзеге асуына ынталандырады.  Мазмұнды музыкасы мен ұлттық нақыштағы балеттегі   Қуат Шильдебаевтың, Рената Гайсинаның, Төлеген Момбековтың және  «Тұран», «Хассақ»  этнографиялық-фольклорлы ансамблі мен  «Steppe Sons»  этно-джаз тобының музыкалық композициялары, заманауи оқиғалар, кейіпкерлердің тағдырынан Қазақстанның өткенін, бүгіні мен болашағын көре алды. Балеттің сюжеті, әсіресе екінші бөлімі  отансүйгіштік сезіммен қабылданды. Бой көтерген Ұлы дала шаһары өзінің әсем сәулетімен, ішкі дүниесімен залдағы отырған әрбір жанға айрықша әсер етті.  «Дала үні» ұлттық балеті,театр атмосферасы спортшы-оқушыларға керемет әсер қалдырды.