«Оқуға құштар мектеп - кітап оқу мәдениетін дәріптеу» «Сүйікті кітабым» атты оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған іс шара өтті.
Осы бағытта біздің мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасының қалай іс-жүзіне асқаны туралы айтылды.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқуды насихаттайды. Мағыналы сөздерден кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі кітап оқу екенін түсінеміз

Осыған орай, біздің мектепте де «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектепішілік жоспар құрылып, жұмыс жүргізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасының пайдасы зор деп ойлаймыз. Қазіргі кезде керек ақпарат табу үшін аудио, бейне, ғаламтор секілді жеңіл жол табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық, өкінішке орай, азайып кетті. Сонымен қатар оқушыларымыздың спортқа бейім екенін біліп, халықаралық және республикалық жарыстарда жүргендіктен кітап оқуға деген уақытта тапшылық. Осы жобаны іске асыру арқылы оқушылардың қызығушылығы артады деп ойлаймыз. Бала ерте жастан кітаппен дос болса, кітап оқыса болашақта көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал тәрбиенің кілті кітапта. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.

Қорытындылай келе, «Оқуға құштар мектеп» жобасын іс жүзіне асыра отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырамыз, саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелейміз. Сонымен қатар, «Абай жолындай» тамаша туындыны дүниеге әкеліп, жер-жаһанға қазақтың қасиетті болмысын, асқақ мәдениетін, терең философиясын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып берген Мұхтар Әуезовтің қаншама уақыт өтсе де маңыздылығын жоймайтын өшпес еңбектерінен әлі талай ұрпақ жігерін жанып, баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық.