Алматы қаласында, атақты, әлемге танымал "Медеу" мұзайдынында, конькимен жүгіруден кезекті Қазақстан чемпионаты өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқушы-студенттері Ұлттық чемпионатқа қатысып, мекеме қоржынына 10 медаль түсірді: оның ішінде 1 алтын, 5 күміс және 4 қола.
Әйелдер арасында, командалық жарыста, мекеменің спортшылары Екатерина Шабасова мен Айзада Рымбек бірінші орынды иеленіп, алтын медальдарды мойындарына тақты.
Командалық спринтте, 1500 м. және гендерлік жарыста студент қызымыз Еңлік Жәрдембекқызы үш күміс медальдарды жеңіп алды. Оған қоса, 1000 м. қашықтықта ол қола жүлдені да ұтып алып, 3 орынға жайғасты.
Ерлер арасындағы масс-стартта 11 сынып оқушысы Алдияр Төлегенов екінші орынға қол жеткізіп, Қазақстан чемпионатының вице-чемпион атағына ие болды.
3000 метрлік жүгіруде 10 "А" сынып оқушысы Айзада Рымбек 2 орынға тұрақтап, мектеп сандығына келесі күмісті салды.
5000 метрлік стайерлік қашықтықта Алдияр Төлегенов тағы да жүлдегерлер қатарынан көрініп, тұғырдың 3 сатысына көтерілді.
Кенжеш Сәрсекенова бастаған конькимен жүгіру бөлімшесінің жаттықтырушыларыншәкірттері көрсеткен жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!