Нидерланд елінде шорт-трек спорт түрінен жастар арасында өтіп жатқан Әлем Кубогының кезеңінде Қазақстан спортшылары күміс медальға ие болды. Қыздар арасында
3.000 м. эстафеталық жарыста ұлттық құрама командасының "төрттігі" екінші орынға тұрақтады.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқушы-спортшылары: Полина Омельчук пен Анастасия Астраханцева бұл әлемдік жүлдені жеңіп алуға өз қомақты үлестерін қосты.
Естеріңізге салсақ, Полина қызымыз, жуырда Оңтүстік Кореяда (Кангвон қаласы) жасөспірімдер арасында өткен IV қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болып атанған.
Мекеменің шорт-трек бөлімшесінің жаттықтырушылар тобын шын жүректен құттықтаймыз!