Жуырда, Көкшетау қаласында орналасқан "Бурабай" спорт сарайында 2009 ж.т. жасөспірімдер арасында, су добы спорт түрінен, Қазақстан Республикасы Чемпионатының 3 тур ойындары өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 8 сынып оқушылары Данияр Сарсекеев пен Алмас Бакиянов "Астана" командасының негізгі құрамында өнер көрсетіп, турнир кестесінде, әзірше, топ жарып тұр.
Ел Ордалық ұжым енді наурыз айында Атырау қаласына аттанып, 4 турға қатысады. Осы жастағы 11 командадан тұратын Ұлттық біріншілік өз мәресін маусым айында аяқтайды.
Су добы бөлімшенің жаттықтырушылары Әділ Темірханов пен Артем Османовқа сәттілік тілейміз.

028d8b7c 9285 4f96 b7e2 2b4db06007fb

15202736 3ea0 4852 ae46 6c31ca65bca2

b75d9422 4e4b 45b9 aeea 3a05ffbe30b1

ca063afa 93fd 4933 b954 ed92dfac1f8d