«Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім!»..

 

          2023 жылдың 13 желтоқсанында  «Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім!» атты таеквандо, шорт-трек бөлімдерінде педагог-тәрбиеші Жолдыбаева Айгерім Мұратбайқызы ҚР -ның Тәуілсіздігінің 32 жылдығына орай ашық тәрбие сағатын өткізді.

 Тәрбие сағатының мақсаты:

        1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту;

        2. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту;

        3. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

       Сабақ мақсатына жетті. Сабақ құрылымы мен ұйымдастыруы, логикалық

жүйелілігінің, кезеңдерінің байланыстылығы ойластырылған.

Уақытты үнемдеп қолдануы, сабақ жоспарының болуы және ұстаздың оны орындауды ұйымдастыруы, сабақта қолданылған көрнекіліктер, бейнероликтер жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  Оқушылардың танымдық дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөлінеді.

{gallery}151223{/gallery}