Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжде, тәрбие бөлімінің күшімен, Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған "Ерлік толы даламыз, батыр біздің бабамыз" тақырыбында, өнер адамдардың қатысуымен бірге өткен, театрланынған кеш өтті.
Мәртебелі қонақтар қатарында: "Қазақ радиосының" дикторы, актер Сағаділдә Үсібәлі, “Амангелді Иман” қоғамдық қорының төрағасы, Мәдениет саласының үздігі Толқын Сұлтан,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Анар Мұздаханова,
Республикалық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, күйші Әмина Бошымова және ақпарат саласының үздігі, "Қазақ радиосының" ардагері Күләш Молдахметовалар келді.
Салтанатты кешке оқушы-спортшы балалар аса үлкен қызығушылық танытып, мекеменің Мәдени залын нық толтырды.


Кеш барысында спикерлер қызықты және құнды мұралармен бөлісіп, тарихи сандықтардың бетін ашты.
Тындармандар мен көрермендер өнер жұлдыздарының таланттарына тамсанып, құрмет көрсетіп отырды.
Іс-шара соңында, белгілі күйші, жазушы Анар Мұздаханова, музыкалық туындыларды паш етіп, арнайы жазылған компакт-дискілерді және кітабін жиналған қалын жұртқа сыйға тартты.
Өскелен ұрпаққа арналған, пайдасы мол кеш, мерекелік фотосессиямен аяқталды.

{gallery}11122023{/gallery}