2023 жылдың 29 қарашасында Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне қарасты «Қажымұқан» спорт кешенінде judo (жудо) бөлімінің ашық сабағы өтті.
Бөлім жаттықтырушысы Әшім Қажы, алдын ала бекітілген жоспарға сай, әріптес-бапкерлермен бірлесе отырып, күрес кезеңінде «жоғары тұтқамен жұмыс істеу» тақырыбы бойынша, келесі іс-шараларды спортшы-балалармен бірге жасап, комиссия мүшелерімен бөлісті: сапқа тұру, рапорт беру, жүгірудін әртүрлі тәсілдерін қолдану, дене қыздыру, акробатикалық іс-қимылдар, татамиде аталған техникалық әдістерін жасау, тактикалық нұсқауларды жетілдіру. Осы жаттығулардың мақсаты – күштің дамуын, жылдамдықты, төзімділікті, шымырлықты, икемділікті, шеберлік-тактикалықты арттыру.
Хронометражға сай, бір жарым сағатқа созылған сабақта, іріктеп алынған бір спортшы, белгіленген уақытта, әр жаттығу тәсілдерінен кейін, дәрігерлерге келіп, қан қысымын және пульс жиелігін өлшетіп отырды. Медицина қызметкерлері осы көрсеткіштерді жазып, сараптап, белгілеп отырды. Сабақ соңында спортшының жаттығу процессі бойынша сараптамалық денсаулық қорытындысын жарияланды.
Ашық сабаққа спорт жөніндегі мекеме директорының орынбасары Аманбаева Әсия Рақымқызы қатысып, бапкерлер мен спортшыларға манызды нұсқауларды жеткізіп, оқу-жаттығу процессіне сәттілік тіледі.
Бұл іс-шараға мекеменің спорттық әдіскерлері, дәрігерлері, тәрбиешілері белсенді түрде қатысып, өз бағаларын берді.
Жаттықтырушылар тобы: Ж. Назаров (аға бапкер), М. Қалықұлов, М. Баймаханбетов, Б. Мырзай, Ж. Болатбек ашық сабақта Ә.Қажыға көмектесіп, спортшы-балалармен жаттығуда бірге жүргізді.

{gallery}0512236{/gallery}