Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің мәнерлеп сырғанау бөлімінің спортшысы Рахат Бралин Ыстанбұл қаласында өткен турнирде үздік үштікті түйіндеді. Бәрекелді!

Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы елордалық Рахат Бралин Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан "Вosphorus Cup-2023" додасында қола жүлдеге қол жеткізді.

Ол қос жаттығудың нәтижесінде 203.40 ұпай жинады. Алтын медаль Әзірбайжан спортшысы Владимир Литвинцевтің (221.10 ұпай) еншісінде. Тұғырдың екінші сатысына Түркия спортшысы Бурак Демирбога (211.02 ұпай) жайғасты.

Бұл жарысқа барлығы 34 мемлекеттен 193 атлет қатысты.

Мекеменің бапкерлерін тобын осы үлкен нәтижемен құттықтаймыз!

 {gallery}0512232{/gallery}