2023 жылдың 28 қарашасында Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне қарасты «Қажымұқан» спорт кешенінде грек-рим күресі бөлімінің ашық сабағы өтті.
Бөлім жаттықтырушысы Нұрлан Бегембаев, бекітілген жоспарға сай, «Қарқынды жаттығу» тақырыбы бойынша, келесі әдіс-тәсілдерді спортшы-балалармен бірге қайталап, комиссия мүшелеріне көрсетті: дене қыздыру, партерде және «стойкада» техникалық-күштік әрекеттерді жасау, тактикалық нұсқауларды жетілдіру. Осы жаттығулардың мақсаты – күштің дамуын, жылдамдықты, төзімділікті, шымырлықты, икемділікті арттыру.


Бір жарым сағатқа созылған сабақта, жаттықтырушылар тобы іріктеп алған екі палуан, белгіленген уақытта, әр жаттығу тәсілдерінен кейін, дәрігерлерге келіп, қан қысымын және пульс жиелігін өлшетіп отырды. Медицина қызметкерлері осы көрсеткіштерді жазып, сараптап, белгілеп отырды. Сабақ соңында екі спортшының жаттығу процессі бойынша сараптамалық денсаулық қорытындысын жариялады.
Ашық сабаққа спорт жөніндегі мекеме директорының орынбасары Аманбаева Әсия Рақымқызы қатысып, бапкерлер мен спортшыларға манызды нұсқауларды жеткізіп, оқу-жаттығу процессіне сәттілік тіледі.
Бұл іс-шараға мекеменің спорттық әдіскерлері, дәрігерлері, тәрбиешілері, ұстаздары және мектеп түлектері қатысып, оң бағаларын берді.
Атап өтейік, 2022 жылдың қорытындысы бойынша мекеменің «Ең үздік жаттықтырушы» номинациясының жеңімпазы болып, грек-рим бөлімшесінің аға бапкері Дәурен Кегенбаев атанған иеді!

{gallery}051223{/gallery}