Қараша айының 16-19 аралығында Түркістан қаласында таеквондодан Сүйіліш батырды еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы "чемпиондар ұстаханасының" спортшы-балалары бұл байрақты бәсекеде 5 алтын, 5 күміс, 1 қола медальдарға ие болды.
Жасөспірімдер арасында:
1. Маратұлы Марғүлан 164см 
2. Еркін Алинұр 168см
3. Юн Любов 172см
4. Сапарғали Қымбат 168см

Жастар арасында:
1. Қанат Алмира 63кг 
2. Таукенова Аида +63
3. Айдар Асылай 55кг 
4. Исамедин Бауыржан 48кг 
5. Асқар Аяулым 63кг 
6. Тортулова Сабина +63 кг
7. Расулиұлы Дінмұханбед +73кг
Жалпы командалық есепте мекеме спортшылары БІРІНШІ орынға ие болды!
Оған қоса, ауыспалы белбеу қай команда екі рет жеңімпаз атанса белбеу сол ұжымда тұрақты түрде қалады. "Қажымұқандықтар" өткен жылы чемпион болғандықтан, "быз белбеу" осы командада үнемі қалады. Қосымша, ұйымдастырушылар тарабынан, жеңімпаздарға 300 000 тг сыйақы берілді.
Жалпы, аталған жарыс 5 жылдан бері тұрақты түрде үлкен дәрежеде өтіп келуде.Ұйымдастырушылар: Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің бір топ бапкер-түлектері. Жаттықтырушыларымыз: Чактауова Ақсұлу, Әбдірашев Сапарғали, Қалыбекова Әсем және аға бапкер Алдабеков Айтжанды жетістіктермен шын жүректен құттықтаймыз!
Ал, бүгің, таеквондо бөлімінің жаттықтырушылары арнайы мекеме директоры Сапашев Мәлік Әбуханұлымен кездесіп осы ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУДІ мекеме мұражайына салтанатты түрде табыс етті.

{gallery}22112023{/gallery}