Қ. Мұңайтпасов атындағы оқу-спорттық ордасының Мәдени залында, Республика күніне орай, 24 қазанда, мерекелік жиын өтті.
Отырыс барысында мекеме ардагерлері Министрлік тарабынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, қошеметке ие болды.
Мектеп-интернат директорының орынбасары Әсия Аманбаева сөз кезегінде барша қауымды төл мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.
А. Жамантаев, С. Красникова, Ә. Темірханов, т.б. белді мектеп жаттықтырушылары марапатқа ие болып, алғыстарын білдірді.
Республика күні құтты болсын!

 {gallery}261023{/gallery}