Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, тәрбие бөлімінің жұмыс жоспарына сай, 9-11 сынып оқушылардың қатысуымен, арнайы отырыс ұйымдастырылды.
Бұл жиынға Астана қаласы ювеналдық полиция инспекторы қатысып балаларға жәбірлеуге (буллинг) қарсы туралы ақпаратпен бөлісті.
Әлімжеттік, бопсалау, бір біріне күш көрсету, дөрекі сөйлеу - оқу мекемесінде болмау жолдары талқыланды.
Оған қоса, құқық қорғау өкілі балаларға, осындай жағдай болған кезде, оларға және ата-аналарына, қандай әкімшілік айыппұл және қылмыстық істер қозғалытыны туралы да, айтып өтті.
Мекеменің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ардақ Қалиева жиналған қауымға заңнамаларды таныстырып, ережелерін атады.
"Буллинг-біздің мекемеде жоқ және болмайды" деп, оқушылар келген қонақтарға өз ризашылығын білдірді.