Бұл кездесуге Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері белсене ат салысты. Бірлескен кеште, мекеме оқушылар ақиық ақынның өлең жолдарынан бірнеше жыр шумақтарын оқып, мектеп ұжымына тарту етті.

Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан екен. Бұдан кейін 1964-1976 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді. Бүгінде ақыннан 1 000-нан астам өлең мен поэма қалды. Ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаев:- Иә, Мұқағалидан қалған асыл мұра бар. Бұл керемет қазына, Баға жетпес байлық. Оның бәрі иесін, Иемденушісін күтіп жатыр», деген екен. Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын мәңгілік біздің жүрегімізде.