Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, ең үздіктерді марапаттады.
Мекеменің мәдени залында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қазақ спортының майталман жұлдыздары мәртебелі қонақ ретінде келіп, арнайы сыйлықтарды лауреаттарға тапсырды.


Кенжеш Сәрсекенова, Мерей Ақшалов, Анна Алябьева-үшеу де осы мектептің атақты түлектері! Чемпиондар оқу-спорттық ордасынан шыққан осы азаматтар ізбасар іні-қарындас-сінілеріне үлгі болып, өздерінің құрметтерін білдірді.
Үш номинация бойынша бір қатар үміткерлер анықталды. Жүзден жүйрік шыққан тарланбоздарымыз келесі жүлделерге ие болды: "2022 жылдың "Ең үздік жаттықтырушысы" номинация бойынша, грек-рим күресі бөлімшесінің аға бапкері Дәурен Кегенбаев болып табылды.
"Ең үздік спорттық бөлімшесі"- көркем гимнастика ұжымы. "Жылдың Ең Үздік спортшысы"- коньки жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алина Дауранова.
Аталған спорт түрлері бойынша (және де басқалары да) мекеме спортшылары Ұлттық құрама командаларында 60-85% құрайды! Ол үлкен жетістік.
Қызықты және думанды түрде өткен мерекелік кеш мекеме жұмыскерлерінің күшімен ғана ұйымдастырылып, музыкалық әндер жинағы концертімен және "жұлдызды фотосессиямен" аяқталды.

WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.05WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.06WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.06 1WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.06 2WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.06 3WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.07WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.07 1WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.07 2WhatsApp Image 2023 02 02 at 10.41.07 3