Cалт-дастур
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі
2021 жылдың 16 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 10 «А», 10 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасына сәйкес «Салт-дәстүр – асыл қазына» тақырыбында онлайн түрде, zoom платформасында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатын Н.С. Мусакулова ашып, салт-дәстүрдің маңызы мен құндылықтарын түсіндіріп, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері мен ырымдарына тоқталып, слайд арқылы көрсетіп таныстырды. Қорытынды сөзді Д.Б. Бекежанова алып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ашып айтты. 10 сынып оқушылары белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін білдірді.
https://kazhimukansportmektebi.kz/ru/meropriyatiya-posvyashchennye-prazdnovaniyu-nauryza/716-calt-dastur#sigProId8fd8e8706e