Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының семинарлары

Оқу жылы ішінде мекеме тарапынан оқу-жаттығу процессінің ұйымдастырылуының әдістемелік қамтамасыз етілуіне бағытталған әр түрлі шаралар үздіксіз өткізіліп отырады.

Осы бағытта ағымдағы жылдың наурыз айында мекемеде Дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырылған семинар өткізіліп, оның барысында кәсіптік  дене шынықтыру және спорт саласындағы жүйеленген педагогикалық тәжірибе, кәсіби әдебиеттер және басқа педагогтардың қызметі талқыланды.

Мұндай бірлескен шаралар жүйесі әрбір жаттықтырушы-оқытушының кәсіби шеберлігін және жалпы педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын көтеруге, мекемедегі оқу-жаттығу және тәрбие процесстерін жетілдіруге бағытталады. Аталмыш шараға оқытушылар мен спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар ғана емес, сонымен бірге, дене тәрбиесі және саласының болашақ мамандары – олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінің үшінші курс студенттері де қатысты.