Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиада резервінің Республикалық  мектеп-интернат-колледждің "Олимпиец" атты денсаулықты сауықтыру-нығайту орталығында жазғы демалыс науһанының үшінші кезеңі басталды.

Ашылу салтанаты әдеттегідей көңілді, думанды және қызықты түрде ұйымдастырылып өтті.
Тәрбиешілер бөлімі жаңа заманға сай ойын әдістемелерін ортаға салып, балалардың қызығушылығын тудырды.
Маусым басшысы, мекеме директорының спорт жөніндегі орынбасары Дәулет Садырбаев бастаған топ 12 күндік демалысты жоғары деңгейде өткізеді дегенге, дауымыз жоқ.
Тәжірибелі жаттықтырушылар, тәрбиешілер, еріктілер, аспазшылар, әкімшілік қызметкерлер - бәрінің  жұмыс әрекеттері сақадай сай екеніне сенімдеміз.
Бокс, күрес түрлері, дзюдо, т.б. топтардың спортшы-балалары осы кезеңді толыққанды көңілді өткізіп қайтуға тілектеспіз.

{gallery}000/news/2022/07/22{/gallery}