Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

2021 жылдың 14 желтоқсанында «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» рмм-нің мәдени залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбындағы салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараны мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері, 11-сынып жетекшілері мен 1-курс кураторлары ұйымдастырды. Іс-шараны мектеп директоры М.А.Сапашев құттықтау сөзімен ашып берді. Іс-шара барысында «Тәуелсіз елдің ұстазы-2021» республикалық байқауында жеңімпаз атанған ұстаздар марапатталды, сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне Білім министрлігінің дипломдары, ұжым қызметкерлері мектеп әкімшілігінің грамотасымен марапатталды. Мерекелік іс-шарада «Қазақстан дауысы» телевизиялық жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет, «Нұрсәулем-ай» би тобы өнер көрсетті. Мерекені өткізуде мектебіміздің оқушылары белсене қатысты.

{gallery}21-12-2021{/gallery}