ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС НАУҺАНЫ ЖАЛҒАСУДА

 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Республикалық олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжіне қарасты "Олимпиец" атты денсаулықты сауықтыру-нығайту орталығы өзінің жазғы демалыс науһанының үшінші кезеңін бастады.

Бұл жолы оқу-жаттығу және денсаулықтарын нығайту кезеңіне еркін күрес, көркем гимнастика, жүзу, жеңіл атлетика бөлімшелерінің 186 спортшылары қатысуда. Күні кеше ғана, салтанатты түрде ашылу рәсімі де ойдағыдай өтіп, әр "отрядтар" өз өнерлерін ортаға салып, бір біріне кезек кезегімен паш етті! Дәстүрге айналған лагерьдің "пионерлік костёрі" де өз алауын жағып үшінші маусым басталғанын білдірдті.

Осы маусымның басшысы болып оқу бөлімі бойынша мектеп-интернат-колледж директорының орынбасары Молдашаева Сара Жапсырбайызы бастап барды. Ашылу салтанатының арнайы қонағы болып ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Есімов Асқар Асылбекұлы қатысты. Балаларымыз өз кестесіне және күнтізбелріне сәйкес тауға шығып (Айыртау шыңы), суға тусіп (Айыртау және Шалқар көлдері), орманда серундеп және жаттықтыруларын жасап, мезгілмен тамақтарын ішіп, көңіл-күйлерін күннен күнге көтеруде!

Оған қоса, "Токио-2020" қатысатын Олимпиададағы біздің тарландар жүлдегерлерімізге де өз сәлемдерін жолдап қоюға да ұмытпай жүр! Тамаша! Демалыс науһаны барлық санитарлық және эпидемияға қарсы нормаларға сай өтуде.