"ОЛИМПИЕЦ" жазғы демалыстың екінші мауысымын бастады

 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық олимпиада резерві мектеп-интернат-колледждің спортшылары өз жазғы демалыстырын қарқынды және өте тиімді өткізуде.

"Олимпиец" атты денсаулықты сауықтыру-нығайту орталығы балаларымызға өз есіктерін екінші мауысымға тағы да ашып отыр. Осы жолы бұл шырайлы мекенге біздің суға жүзу, бокс, грек-рим күресі бөлімшелерінің оқушылары келіп жайғасты.

Оған қоса, жас бүлдіршіндермен өз оқу-жаттығу жиындарын бірге өткізуге: Жаркент, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларынан келген грек-рим күресі және бокс спорт түрлері өкілдері ниет білдіріп, аттың басын осы өнірге бұрып отыр.

Екінші мауысым басшысы, мекеме әдіскері Оралхан Баймағамбетов барша әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстарын қолға алып, іскер азамат екенін тағы да жұмысымен дәлелдеді.

Ашылу салтанаты, саяхат іс-шаруалары, жаттығу процессі, тамақтану және медициналық қызмет жұмыстары тік жолға қойылуды. Алыстан келген қонақтарымыз ауа-райына қарамай (2-3 күн бойы толаусыз жауын жауды, салқын болды, дымқыл) өз жоспарлаған жаттықтыру мен белсенді демалыс іс-әрекеттерін жасауда. Мекеме бапкерлері: Шалқар Жанбосын, Айдын Сәрсекеев, Азамат Игібаев, Сергей Лысогор, Мейірхан Рахметов, т.б. азулы жаттықтырушылар өз жоғары кәсіби деңгейлерін көрсетіп, ауа-райы қолаусыздығына қарамастан қарқынды жұмыс атқаруда. "Лагерьдің" жұмысына белсенді атсалысып жүрген бір топ азаматтарды да атап өткен жөн болар, олар: дәрігер Бауыржан Құсайынов, медбике Жазира Джупаева, асхана менгерушісі Назгүл Құтжанова, орталықтың жетекшісі Гүлбаршын Игібайқызы, тәрбиеші Тұрсынгүл Хамзина, аспазшылар, жүргізушілер және әкімшілік-техникалық қызметкерлер.

Балаларымызға сәттілік пен жігерлік, төзімділік пен қайсар мінез тілей отыра, үйлеріне аман-есен жетулеріне тілектеспіз.