ШӘКІРТТЕР ӨЗ ҰСТАЗДАРЫН ЕШҚАШАНДА ҰМЫТПАЙДЫ

 

Шәкірт пен бапкер, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынасты бәріміз білеміз. Сеземіз. Құптаймыз. Ал бала мен ұстаз арасындағы ыстық ықылас сезімді неге ұмытамыз кейде?!

ҰСТАЗ -ол жас спортшының қамқоршысы, "ата-анасы", кеңесшісі, ересек өмірге дайындаушысы. Дұрыс тәлім тәрбие беру-ол қасиетті және берекелі іс!
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің түлектері үнемі қазақи тәрбиеге толы, сыпайы, жомартты... Оны бәрі де біледі!

20 жылдың төнірегінде мекеменің бас тәрбиешісі, директор орынбасары, қазақ тілінің, дәстүрінің, салтының жанашыры Қалиева Ардақ Қаэтайқызы мындаған балаға туған анасындай болып кетті. Ол ақиқат. Тіпті, 10 жыл бұрын осы мектеп қабырғасынан ұшып шыққан шәкірттері қазіргі күнге дейін ұмыта қоймапты өз ұстазын. Жиі кездесулер де өтіп тұрады.

Ал, бүгін бір топ түлектеріміз бас қосып өз ұяларына қоныпты. Қонақ ретінде, әрине.

Бірі спорт саласы маманы болса, екіншісі "азаматтық" қызметте, ал үшіншісі құқық қорғау лауазымында... Жолдары солай түскен тағдырдың бағытымен.
Сонымен таныса отырыныздар: Ермекбаев Ерсайран -
сақтандыру компаниясында бөлім басшысы, Оразбеков Алмат - дзюдодан жаттықтырушы, Таңатаров Бекнұр - Ақтөбе обылысы полиция департаменттінің

Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінің бөлім басшысы, Әбішев Саламат - "Қазақстан барысы" жобасының ұйымдастырушы менеджері, Сапарханов Айдын - жеңіл атлетикадан Астана қаласының аға жаттықтырушысы. Бәрі 10 жыл бұрын біздің мектепті бітірген спортшыларымыз.
Шыққан ұяларын ұмытпай, өз ұстазына зор құрмет көрсетіп, бір марқайып қалған сәт болды бүгінгі кездесу барысында. Бәрекелді!