Бокстан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында біздің спортшы жартылай финалға шықты!

 

Польша мемлекетінде дүниенің былғары қолқап шеберлері жиналған жастар арасындағы Әлем чемпонатында Қ. Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат-колледждің спортшысы Сабыржан Аккалыков (64 кг салмақ дәрежесі) 1/4 финалында 4:1 есебімен Куба мемлекетінің боксшысы Дариана Фавьера Кастроны жеңіп 1/2 финалға жолдама алды.
Құттықтаймыз! 👏👏👏
🥊Жастар арасында бокстан әлем чемпионаты
#kielceboxing2021