12 сәуір - Ғарышкерлер күні

 

«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» 11 сынып оқушылары 2021 жылдың 12 сәуірінде Елбасы кітапханасында «АДАМҒА ТАБЫН, ЖЕР, ЕНДІ!» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Әлемнің тұңғыш ғарышкері Юрий Алексеевич Гагариннің ғарышқа аттанғанының 60 жылдығы мен қазақтың бірінші азаматы - Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқандығының 30 жылдық мерейтойына арналған.

         Көрме үш бөлімнен тұрды: «Жер шеті», «Жер. Ғарыш айлағы Байқоңыр», «Жер. Алғашқылар заманы».

Мектеп оқушыларымыздың аты аңызға айналған отандасымыз, атақты ғарышкеріміз Талғат Мұсабаевпен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндіктері болды. Ғарышкер батырымыздың, экскурсовод гидіміздің ғарыш және ғарышқа қатысты экспонаттар туралы қызықты әңгімесі оқушылардың жүрегінде үлкен әсер қалдырды.