Еркін күрестен V Жастар ойындарында 2 алтын медаль жеңіп алды.

Бүгін 20 наурыз Павлодар қаласында өтіп жатқан еркін күрестен 2001-2003 ж.т жастар арасында V Жастар ойындарының соңғы күні спортшыларымыз жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде қанжығаға салды.

Толығырақ айтсақ:

- Үркімбай Бекзат - 92 кг салмақ дәрежесінде - 1 орын;
- Ильясов Ислямбек - 86 кг салмақ дәрежесінде - 1 орын;
- Исағалиев Нұржан - 86 кг салмақ дәрежесінде - 2 орын (ҚР спорт шебері нормативін орындады);
- Медов Омар - 79 кг салмақ дәрежесінде - 3 орын.

Естеріңізге сала кетсек кешегі күні 70 кг салмақ дәрежесінде Сағдатов Диас 2 орын иеленген болатын.

Жеңіс тұғырының биік сатысынан көріңген спортшыларымызды құттықтай отырып, алдағы байрақты бәсекелерде сәттілік тілейміз, және жеңіс жолында аянбай еңбек еткен еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылар құрамын шын жүректен #құттықтаймыз!!