«Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған волейболдан ашық турнир өтті.

Жарыста Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдардың қызметкерлерінен құралған 5 команда сынға түсті: Астана Опера, «Қазақконцерт» ОКЗ, «Олимпик» ( «Астана олимпиадалық даярлау орталығы», Республикалық дене шынықтыру және спорт бойынша оқу- әдістемелік және сараптамалық орталығы", Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мамандандырылған спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі), «Қаллеки» - Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драматикалық театры, «Жеңіс» ( «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы), Ұлттық штаттық және спорттық резерв дирекциясы.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Олимпик;
2 орын – «Қазақконцерт» ОКЗ;
3 орын – Астана Опера;
4 орын – Қаллеки;
5 орын – Жеңіс.