Біздің палундарымыз топ жарды

Ағымдағы жылдың 15-18 наурыз аралығында Алматы облысы Жаркент қаласында грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер (U-15) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Жарыстың алғашқы күні спортшыларымыз керемет нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын және бір қола медаль иеленді.
Айта кетсек 48 кг салмақ дәрежесінде Әуес Аян жарыс тұғырының ең биік сатысынан көрінсе, сол салмақта Жаңажол Жәнібек үшінші орынды қанағат тұтты. Ал Тұрлығазы Әлібек 57 кг салмақ дәрежесінде ел біріншілігінің жеңімпазы атанды.

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫ ЖӘНЕ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ БӨЛІМІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ҚҰРАМЫН ҚҰТТЫҚТАЙ ОТЫРЫП, АЛДАҒЫ ЖАРЫС КҮНДЕРІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!