Тараздағы велоспорт жетістіктері

18 наурызда Тараз қаласында Велокросстан Қазақстан Республикасы чемпионатының ІІ кезеңі аяқталды.
Аталған жарысқа Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшылары қатысып, нәтижесінде екі алтын медаль иеленді!
Айта кетсек 15-16 жастағы жасөспірімдер арасында Житниковский Игорь жеңімпаз атанса, 15-16 жастағы жасөспірім қыздар арасында Склярова Елизавета жарыстың чемпионы атанды.
Жеңіс тұғырының биік сатысынан көріңген спортшыларымызды және велоспорт бөлімінің жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!