Х қысқы республикалық гимназиада өз мәресіне жетті

13-14 наурыз аралығында елордада орналасқан "Сарыарқа" көпкешенді спорт сарайының мұз айдынында оқушылар арасындағы қысқы гимназиаданың соңғы түрі- шорт-тректен, ақтық сайыстары өтті.

Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің оқушылары осы бәсекеде де топ жарды.

Атап өтсек, Павел Цой
500 м. қашықтықта ешкімге дес бермей бірінші орынды иеленді! Алтын медаль! Оған қоса, ол көпсайыс нәтижесі бойынша екінші орынға ие болды.

Эстафеталық жарыста біздің ұжымның балалалары 2000 м. қашықтықта күміс медальға қол жеткізді.

Тамерлан Жолдас 500 метрде 3-орынды қанағат тұтса, 2000 м., эстафета нәтижесі бойынша екінші орынға ие болды.
Нұрлан Қайырбеков 1500 м. жарысында қола медаль иегері атанды.
Құттықтаймыз!