Біздің спортшыларымыз тағы да жарады!

Құрметті достар!

Біздің спортшыларымыз тағы да жарады! Талдықорған қаласында таеквондо спорт түрінен ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің шәкірттері биік шыңдардан көрінді!

+87 келі салмақ дәрежесінде Бауыржан Хасенов өз қарсыластарын жеңіп жарыс тұғырының ең биік шеңберіне көтерілді! Алтын медаль иегері атанып, ел чемпионы болды!
58 келі салмақта біздің мекеменің түлегі, қазіргі таңдағы оқытушы-жаттықтырушысы Сапарғали Әбдірашев байрақты бәсекенің қола медалі иегері атанды! Үшінші орын!

Оған қоса, жарыстың соңғы күнінде, 87 келіде - Дүйсебай Смайыл жеңімпаз атанып бірінші орынды иеленді!
Аталған жігіттердің ұстазы Айтжан Алдабеков бапкерді құттықтай отыра, келешекте, шәкірттерін Олимпиада шыңдарына жеткізуін тілейміз!