Ақ жаулықты аналар, аяулы қыз-келіншектер!

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жанға жайлы көктемнің шуақты күні өздеріңізге тек көтеріңкі көңіл-күй мен қуанышқа толы сәттер әкелсін! Жарқын жүздеріңізден бақыт оты лаулап, ұзақ берекелі де мәнді ғұмыр сүріңіздер! От-бастарыңыз, туған-туыстарыңыз әрдайым аман болып, жандарыңыздан табылсын! Аңсаған армандарыңыз орындалып, алға қойған мақсатыңызға жетіп, арамызда жадырап күліп жүре берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!

Аса құрметпен,

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің ерлер ұжымы