Пайдалы семинар

2021 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Онлайн-семинар барысында модератор сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша практикалық ұсыныстарды берді.

Өздеріңіз білетіндей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен басқа механизмдерді сақтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган жүргізеді. Ішкі талдауды мемлекеттік органдардың өздері, квазимемлекеттік сектордың ұйымдары мен субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің стандартты ережелеріне сәйкес жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша арнайы шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, модератор бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу мен бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің проблемаларын айтты, талдаудың принциптерін көрсетті, оған мыналар кіреді: объективтілік, сенімділік, ашықтық, кешенділік және жеке жауапкершілік.

Семинарға барлық құрылымдық бөлімшелердің басшылары және мектеп-интернат директоры қатысты. Х.Мұңайтпасова.
Семинар соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ұсынылған әдістері талқыланды. Оларды пайдалану мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық компоненттерінің төмендеуіне әсер етуі мүмкін.