Алексей Юковты еске алуға арналған бокстан XXV дәстүрлі халықаралық турнир өтті

Құрметті достар!

Ақпан айының 21-27 аралыңында Беларусь мемлекетінің Гомель қаласында бокстан КСРО-ның абсолютті чемпионы, "хрусталь қолғап иегері", халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Юковты еске алуға арналған 2002-2003 жылдары туылған жастар арасында бокстан XXV дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Испания, Молдова, Украина, Казақстан, т.б. елдерінен жас спортшылар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшысы Сабыржан Аққалықов, 64 кг салмақ дәрежесінде, жеңімпаз атанды.

Құттықтаймыз!