Наши воспитанники-победители и призеры гимназиады!

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының мектеп оқушыларының Х қысқы гимназиада бағдарламасы бойынша, Астана қаласында 27-28 ақпан аралығында, ұлдар мен қыздар арасында мәнерлеп сырғанау жарыстары өтті.

Байрақты бәсеке қорытындысы бойынша Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебі оқушылары биік тұғырдан көрінді!

Мәнерлеп сырғанау бөлімінің спортшысы Диас Джиренбаев қысқа және еркін бағдарламасы бойынша 171,83 ұпай жинап, гимназиада жеңімпазы атанды!

Анна Левковец қыздар арасындағы жарыста 117,15 ұпаймен көш бастап, чемпиондық атаққа ие болды!

Сәбина Насырова сайыс қорытындысы бойынша 102,20 ұпай жинап тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Күміс медаль!
Құттықтаймыз!

Оған қоса, ерекше алғысты олардың бапкерлеріне де білдіреміз. Қ. Мұңайтпасов атындағы Республикалық мектеп-интернат-колледжінің мәнерлеп сырғанау спорт түрінен жаттықтырушылары Байтақ және Тимур Тұрсынбаевтарға рақметімізді арнайы айтамыз!