"Алау" мұзайдыны сарайында конькимен жүгіру жарыстары өтті.
Достар! 23-24 ақпан аралығында елорда төрінде орналасқан "Алау" мұзайдыны сарайында Қазақстан Республикасы оқушылар арасындағы Х Гимназиада ойындары бағдарламасы бойынша конькимен жүгіру жарыстары өтті.
Байрақты бәсеке қорытындысы бойынша біздің мектептің түлегі Михаил Глущенко 500 м қашықтықта бірінші орынды иленіп алтын медальге қол жеткізді! Оған қоса ол бұл сайыста үш дүркін күміс жүлдегері атанды: 1500, 3000, 5000 м қашықтықтарда екінші орындарға ие болды.
Оның мектеп әріптесі Руслан Жанадилов екі күміс, бір қола медальдарды жеңіп алды!
Үшінші шәкіртіміз - Мейрамбек Тілекұлы 3000 м қашықтықта қола медальге ие болды!
Конькимен жүгіру бөлімінің жауапты жаттықтырушысы Кенжеш Сәрсекенованың, бапкерлер: Жанна Құрманғалиева мен Владимир Костиндердің зор еңбегін бөлек атап өткеніміз жөң болар.
Құттықтаймыз!
https://kazhimukansportmektebi.kz/kz/novosti/688-alau-m-zajdyny-sarajynda-konkimen-zh-giru-zharystary-tti#sigProId719bc15bc5