ЕСЕП БЕРУ МЕН ЖОСПАРЛАР НАУҺАНЫ БАСТАЛДЫ

Күні кешеден бері, мекемеде, әр құрылым бөлімшесі бойынша 2020 жылда атқарылған жұмыстары мен 2021 жылға жоспарланған іс-шаралары туралы баяндамаларды тындау отырысы басталып кетті.

Медицина қызметі өткен жылы белсенді қызмет етіп атқарылған жұмыстары басшылар тарабынан оң нәтижеге ие болды. Енді, алдына қойған мақсаттары мен жоспарлаған істерін жүзеге асыруға тырмысуда осы бөлімше.

Оқу саласы да есеп берді. 120 студенті бар колледжіміз көптен күткен аккредитациялау процессін өтіп, арнайы рұқсат қағазға ие болды. Ол да болса үлкен жетістік. Енді, заманымызға сай, оқу мекемесі қашықтықтан оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге тырмысуда. Сол бағытта көптеген су жаңа технологияларды зерттеуде.

Тәрбие беру саласы. Онда да бәрі сақадай сай деуге, тура айтуға болады.

Жатақханамызда 240-қа жуық түлектеріміз тұрады (пандемияға байланысты қазір көбі үйлерінде әзірше). Ғимарат күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін белді бір қонақ үйден кем емес! Ішінде, балаларға керек бүкіл құрал-жабдықтармен толтырылған медицина, демалыс, ұйқалау, кітапхана, ас ішетін, ұлттық құндылықтарға толы бөлмелер жеткілікті.

Тәжірибесі мол мамандарымыз (тәрбиешілер) оқушылармен қызықты ойындар, арнайы тәрбие сабақтарын жиі өткізуде. Жас жеткіншектер разы, ен бастысы.

Ендігі кезек әкімшілік- шаруашылық және спорт бөлімшелерінің баяндамалары.
Іске сәт, деп қояық, әріптестерімізге...