9-27 ақпан аралығында жүзу бөлімшесі оқушы-спортшылары арнайы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Ардақты ағайын!

Ағымдағы жылдың 9-27 ақпан аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығы» көпфункционалдық спорт кешеңінде Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп интернат-колледжінің жүзу бөлімшесі оқушы-спортшылары арнайы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұл спорттық іс-шара арнайы жоспар бойынша толық санитарлық-эпидемиялық нормаларға сәйкес өтуде.