Бокстан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты аяқталды.

Қаңтардың 31-і мен 6-шы ақпан аралығында Ақтөбе қаласында «Жекпе-жек» спорт сарайында 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті. 

Аталған жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан

Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылды. 

Біріншілікке еліміздің барлық облысы мен Шымкент, Астана, Алматы қаласының құрамалары қатысып, 14 салмақ дәрежесінде 250 ден астам спортшы өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қ.Мұңайтпасов ат. ОРРММИК спoртшылары Мауленов Мырзахан 66 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленсе, Шынжырбеков Бекасыл 70 кг салмақ дәрежесінде ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Спортшыларды және бокс бөлімінің жаттықтырушылар құрамын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!