150 жылдық мерейтой

2021 жылы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы атап өтіледі. Ұлы дата осы ұлттық батырдың есімін алып жүретін мектебімізде кеңінен аталып өтілетін болады. Ұлы датаны тойлау үшін іс-шаралар жоспары құрылды.

3 ақпаннан 5 ақпанға дейінгі аралықта «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ-де  « Қазақ даласының батыры - Қажымұқан Мұңайтпасов » атты тақырып шеңберінде барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сондағы іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді тәрбиелеп, әлемнің жекпе-жек шаршы алаңында жеңімпаз болған батыр, жеңілмейтін балуан туралы білімдерін жүйелеу;.

Оқушылардың назарына Қажымұқанның өмірі мен жетістіктері туралы  «Балалық шақ және жастық шақ», «Кәсіби дебют», «Батырдың ең әйгілі жекпе-жектері», «Ол майданға қалай көмектесті», «Қ.Мұңайтпасовтың шынайы және жалған рекордтары» атты көрменің виртуалды тұсаукесері ұсынылды:  

Іс-шараға мектебіміздің барлық мұғалімдері мен оқушылары белсенді қатысты.

Татьяна Чиркова